Қостанайда ақпаннан бастап қоғамдық көлікте жүру жол ақысы 100 теңге болады. Ал қала қала сыртына шығу құны 100 теңгеден асады. Бұл туралы Қостанай қаласы әкімдігінің өкілі Алексей Тарасов мәлімдеді, - деп хабарлайды Kstnews.kz.

"2017 жылы қарашада барлық автомекемеден қоғамдық көліктерден жол ақысы құнын көбейту туралы қарастыруды өтінген құжат түсті. Олар жанар-жағармай материалдары мен автобөлшектер бағасының өсуін негізге алған. Қостанайда ақпаннан бастап қоғамдық көлікте жүру жол ақысы 100 теңге болады", - деді шенеунік.
Зейнеткерлер үшін жол ақысы - 90 теңге, жасы 7-ден 15-ке дейінгі балаларға - 50 теңге.
Еске салайық, соңғы рет тарифтің өсуі 2017 жылы 1 наурызда болған еді. Ол кезде баға 60 теңгеден 80 теңгеге өсті.