© Svopi.ru
Қостанайда әуежай директоры Юрий Кимнің үйінен 29 миллион теңгенің мүлкі ұрланды, - деп хабарлайды ТоболИнфо.
Қостанайда әуежай директоры Юрий Кимнің үйінен 29 миллион теңгенің мүлкі ұрланды, - деп хабарлайды ТоболИнфо.
Басылымның мәліметінше, оқиға 2015 жылдың 6 қазанында болды. Ұрылар есікті бұзу арқылы үйге кірген. Ұрланған бұйымдардың ішінде неке жүзігі, ақ алтыннан жасалған сырға, лағыл тастан жасалған әшекей бұйымдар бар. Ал сейфтен 30 мың доллар, 5 мың евро және 5 миллион теңге ақша ұрланған.
Юрий Кимнің айтуынша, ол үйдегі қабаған итті жақында ғана беріп жіберіпті. Ол ұрылардың мұны білген болуы мүмкін екенін айтты.