Қостанайда әйелге шабуыл жасаған питбуль иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Қостанайда әйелге шабуыл жасаған питбуль иесіне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Айта кетейік, 26 қарашада Молодежи бульварына жақын маңдағы Мәдениет сарайы ауданында сағат 17:28-де ит адамға шабуыл жасаған. Тұмылдырығы жоқ питбуль серуендеп бара жатқан әйелге жүгірген. Алдымен ол әйелдің жанындағы итке атылған, содан кейін әйелге ауысып, екі аяғын кезекпен талап тастаған.
Басылым мәліметіне сүйенсек, питбульдің иесі итін қуып жетіп, әйелден ажыратып алып, жәбірленушіге назар аудармай әрі қарай серуендеп кеткен. Сағат 18:15-те әйелді оқиға куәгерлері жедел жәрдем пунктіне алып келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"27 жастағы питбуль иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігінің 4-тармағымен "Жануарларға жауапкершілікпен қарау" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 10 АЕК (31 800 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деді Қостанай облысы ПД басшысының орынбасары Бауыржан Әбенов.