28 қазан 2024 | 14:51

Қостанайда экс-әкімнің мейрамханасы аукционға қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: e-auction.gosreestr.kz Фото: e-auction.gosreestr.kz

Қостанайдың экс-әкімінің мейрамханасы бірнеше жылдан бері аукционда сатылмай тұр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдың экс-әкімінің мейрамханасы бірнеше жылдан бері аукционда сатылмай тұр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың мейрамхана кешені қайтадан сатылымға шығарылды. Аукцион туралы хабарландыру электрон сауда алаңында пайда болды. Ауданы 1558,4 шаршы метр ғимарат 307 397 500 теңге бағамен аукционға шығарылды.

Электрон сауда алаңы сайтында көрсетілген ақпарат бойынша, сауда 2024 жылдың 13 қарашасында сағат 10:00-ге жоспарланған. Сауда-саттыққа қатысушылар үшін кепілдік жарна 92 219 250 теңге болады. Ақпарат бойынша, бір қатысушыға да сатуға рұқсат етілгені көрсетілген.

Нысан Қостанай облысында Екатеринбург – Алматы тасжолы бойында орналасқан. Ғимарат 2014 жылы 0,1916 гектар жер телімінде салынған.

Биылғы мамырда мүліктің сметалық құны 614 795 000 теңге болды. Қазір ғимарат аукционға шығарылып, құны екі есеге жуық төмендеген.

Хабарландыру бойынша, ғимарат "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің балансында.

Фото gosreestr.kz

Айта кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкіміне тиесілі "Алтын-Саф" мейрамхана кешені 2016 жылы бастапқы бағасы 429 миллион 428 мың теңгеден сатылымға шығарылған болатын. Бірақ мүлік иесін таппады.

2023 жылдың қараша айында ғимарат бастапқы бағасы 805 529 000 теңгемен қайтадан аукционға шығарылды. Аукцион тағы сәтсіз өтті.

Еске салайық, Ахметбек Ахметжановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында Қостанай қаласының экс-әкімінен мейрамхана кешенінің ғимараты тәркіленген. 2016 жылдың сәуірінде Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 13 жылға сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети