22 қыркүйек 2016 10:21

Қостанайда қамалған ер адам наразылық ретінде қасық жұтып қойған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© medikforum.kz © medikforum.kz

Қостанайда қамалушы қасықты жұтып қойған. Ол осылайша өзінің наразылығын білдіргісі келген, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".


Қостанайда қамалушы қасықты жұтып қойған. Ол осылайша өзінің наразылығын білдіргісі келген, - деп жазады "Қостанай жаңалықтары".

Ер адам Арқалықтағы өңірлік ауруханаға жеткізілген. Ер адамға ота сәтті жасалыпты. Науқасты бірнеше күннен соң ауруханадан шығарып, абақтыға қайта жіберген.

Аурухананың бас дәрігері Қуандық Смағұловтың айтуынша, осындай жағдайлар жылына бір рет болып тұрады. "Мұндай жағдайда дәрігерге ота жасау қатты қиынға соқпайды. Ең бастысы заттың адам ағзасында қанша уақыт жатқанында", - деді ол.

Өз кезегінде облыстық көпсалалаы аурухананың бас дәрігері Владимир Стелмах өзінің хирургиялық тәжірибиесінде бұдан да зорын көргенін айтады. "Адамдар не болса, соны жұтады! Қасық, шеге, ине. Алайда барлығы өліммен аяқтала бермейді. Ота жасап, заттарды шығарамыз. Есімде, бір науқас 45 шеге жұтып қойған, 43 шегені шығарып, екеуін көп іздедік. Ол азамат та тұтқында болған. Адамдар болаттан жасалған арқандарды да жұтады, ал оларды шығару оңай емес. Көбінде мұндай адамдар қамалушылар қатарынан. Бостандықта адамдар мұндай заттарды жұтатын болса, олардың психикалық ауытқулары болады", - деп ойлайды ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети