Қостанайда 84 жастағы қария мұзға құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдай ер адам дүкеннен шығып келе жатқанда болған.
Қостанайда 84 жастағы қария мұзға құлап, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қайғылы жағдай ер адам дүкеннен шығып келе жатқанда болған.
"Қарияның қайтыс болу себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер. Еске сала кетейік, 23-25 қараша аралығында Қостанай көшелері мұз айдынына айналды. Бүгін бұл өңірдегі ауа температурасы 0 градус шамасында тұр, мұз бен қар еріп жатыр. Аптаның басынан бері ауруханаларға шамамен 500 адам көмек сұрап барған.
Бұл күндері қалалық ауруханаларға бір тәулікте 220-дан аса адам жараланып, мидың шайқалуымен және түрлі сынықтармен барған. Мектептерде көктайғаққа байланысты сабақтар кейінге қалдырылды.