Қостанай қаласына Фёдоров ауданы Пешковка ауылынан келген Дамира Әбілдинова 24 ақпанда әмиянын жоғалтып алғаны туралы хабарландыру бергісі келген, - деп хабарлайды alau.kz.
Қостанай қаласына Фёдоров ауданы Пешковка ауылынан келген Дамира Әбілдинова 24 ақпанда әмиянын жоғалтып алғаны туралы хабарландыру бергісі келген, - деп хабарлайды alau.kz.
"Біз танысымызбен дүкенге бардық, сол жерде су алайын деп әмиянымды ашқаным есімде. Сол жерде түсіріп алсам керек. Онда менің барлық құжатым бар - жеке куәлігім, көлік жүргізу куәлігім, барлық банк картам және 140 мың теңгем бар еді. Демалыстан кейін құжаттарымды жоғалтқанымды айтып, хабарландыру беруге Қостанайға қайта келдім", - дейді Дамира.
Ең қызығы Дамира Әбілдинова хабарландыру берген кезде ондағылар әйелге осыған ұқсас бір хабарландырудың барын айтқан. Сүйіндік Сапаров есімді азамат бірнеше күн бұрын құжаттар мен ақша салынған әмиян тауып алғанын және иесін іздеп жүргенін жазған.
Осылайша Дамира Әбілдинова Сүйіндік Сапаровқа хабарласып, өз құжаттары мен ақшасын қайтарып алған.