27 қазан 2019 09:59

Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған ардагер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жастағы Иван Сухоруков қайтыс болды, - деп хабарлайды alau.kz.


Қостанайда кісі өлімі үшін сотталған Ұлы Отан соғысының ардагері 94 жастағы Иван Сухоруков қайтыс болды, - деп хабарлайды alau.kz.

2018 жылы тамызда Затобольск тұрғыны 94 жастағы Иван Сурков 80 жастағы әйелінің інісін өлтіргені үшін сотталған. Соғыс ардагеріне екі рет үкім өзгертілді. Басында оған бостандығын шектеу жазасы кесілді, сосын түзету мекемесінде нақты уақытқа сотталған, ал кейін қайтадан бостандығы шектелді. Биыл Жеңіс күні ол мерзімінен бұрын босатылған еді. 

5 қазанда ол құлап, аяғын сындырған. Таңда Иван Владимирұлы пансионатта қайтыс болды. Онда оған жарақаттан кейін көмек көрсетіліп жатқан еді. 

"Ол түнде ұйықтап жатқан уақытта жүріп кеткен", - деді соңғы бір жарым жыл ардагерге қараған Ольга Некрасова. 

"Иван Сурковтың есімі 2019 жылы Жеңіс күні қарсаңында бүкіл Республикаға танылды, сотталушылар ардагерді құттықтап, ол үшін концерт берген. 

Ардагер 1925 жылы Қостанай ауданының Янушевка кентінде дүниеге келген. І дәрежелі Отан соғысы орденімен, ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін" екі медальмен марапатталған, 12 мерейтойлық медальға ие болды. 1951 жылдан 1958 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети