Сот Қостанай тұрғынын Telegram-да рұқсат етілмеген митингіге адам шақырғаны үшін айыптады. Алайда ер адамның өзі телефонында мессенджер орнатылмағанын және әкімдікке басқа мәселе бойынша митинг туралы хабарлама бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.
Сот Қостанай тұрғынын Telegram-да рұқсат етілмеген митингіге адам шақырғаны үшін айыптады. Алайда ер адамның өзі телефонында мессенджер орнатылмағанын және әкімдікке басқа мәселе бойынша митинг туралы хабарлама бергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Новая газета" басылымына сілтеме жасап.
Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 5 шілдеде Сергей Зинченконы ӘҚБтК-нің 488-бабы 7-бөлігі "Бейбіт жиналысты ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзу" бойынша әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім шығарды. Кінәлі үш тәулікке қамауға алынды.
Полиция жасаған актіге сәйкес, Зинченко 3 шілдеде екі Telegram арнада 6 шілдеде митингіге шығу туралы хабарлама жариялаған. Бұл ретте бастапқыда "облыстық балалар ауруханасында МРТ және КТ аппараттарын орнату" бойынша бейбіт жиналыс өткізуге өтінім берілген, бірақ Қостанай әкімдігі санитарлық шараларға байланысты рұқсат бермеген. Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шыққаннан кейін митинг тақырыбы "Мәжбүрлі вакцинацияға қарсы" деп өзгерді.
"Сот отырысында Зинченко кінәсін мойындамады. Ол Telegram-ға суреттерді салмағанын айтты, өйткені мұндай қосымшасы жоқ. Instagram мессенджерінде аккаунты бар, онда ол туралы деректер көрсетілген, суреті бар. 16 маусымда ол жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыс өткізуге өтініш жазған, митинг мақсаты - облыстық балалар ауруханасын медициналық жабдықпен жарақтандыруды, эпилепсиясы бар балаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді талап ету. Оған жауап үш тәуліктен кейін келді", - деді судья Әсемгүл Әмірғалиева.
Сергей Зинченко /Instagram-нан алынған сурет
Зинченко бұған дейін әкімдіктің жауабы өтініш берілгеннен кейін төртінші күні келгенін хабарлаған, бірақ ол бұл құжатты қабылдаудан бас тартты, өйткені ол 3 күнде хат келмесе, митинг өткізуге болады деп санайды.
Судья Әмірғалиева Зинченконың Telegram-да митингіге шақырмағаны туралы дәлелдерін жоққа шығарды, себебі жарияланған видеолар Зинченкоға тиесілі @Kst10123 қолданушының атынан жіберілген, ал ол ер адамның нөміріне тіркелген.
"Сот айтылған дәлелдерге сүйене отырып, Зинченконың барлық дәлелін әкімшілік жауапкершіліктен жалтару деп бағалады, ал оның құқық бұзушылық үшін кінәлі екенін дәлелденді деп санайды", - деп шешті судья.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!