Қостанайда мысыққа қорлық көрсеткен ер адам психодиспансерде емделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда мысыққа қорлық көрсеткен ер адам психодиспансерде емделеді Фото: Tengrinews.kz

Қостанай қаласының орталығында мысыққа қорлық көрсеткен тұрғын психодиспансерде емделетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай қаласының орталығында мысыққа қорлық көрсеткен тұрғын психодиспансерде емделетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желіде ер адамның мысықты қорлап жатқан видеосы тараған болатын. Видеода әйел тұрғынның мысықты қабырғаға, кейін жерге ұрғанын айтады. Бұл желі қолданушыларының ашуын тудырған.

Еріктілер бұл видеоны көрген соң полициядан көмек сұрап, арыз жазбақ болыпты. Алайда бұл оқиғаның куәгері 102 нөміріне хабарласып, полицияны шақырыпты.

"Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторы мысықты ұрған ер адамды анықтады. Ол полицияға жеке басына қатысты мәліметті бере алмаған. Кейін 55 жастағы жергілікті тұрғын жедел жәрдем қызметі көлігімен психодиспансерге жеткізілген. Ол осыған дейін де бұл диспансерде ем қабылдаған", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция мысықты ветеринарлық клиникаға апарған. Мысық зардап шеккен, бірақ өлімнен аман қалған. Қазіргі таңда ол еріктілердің күтімінде.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети