16 сәуір 2016 13:09

Қостанайда полицейлер көлікті айдап әкету туралы арыз жазылғанға дейін тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі © Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі

Қостанайда жергілікті полицейлер көлікті айдап әкеткен адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көліктің иесі оны біреулердің айдап әкеткені туралы арыз жазып үлгермеген.

Тәртіп сақшыларының назарына Хәкімжанов пен Садов көшелерінің қиылысында бір көлік ілікті, ол бір жақтан екінші жаққа теңселіп тұрды. "Полицейлер жүргізушіге ескерту жасап, көлікті тоқтат деген белгі берді. Жүргізуші ескертуді елемей, жасырынуға тырысты. Полицейлер автокөліктің артынан қуып, оны Комаров көшесінде ұстады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Жүргізуші мас күйінде болған және онда көліктің құжаттары болмаған. Ол тәртіп сақшыларынан қашпақшы болғанымен, ұсталды. "Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында, 1979 жылы туған ер адамның көлікті гараждан айдап әкеткені анықталды. Көліктің иесі оны айдап әкету жайында арыз жазып үлгермеген, онымен тәртіп сақшылары хабарласып, көлігі қайтарылды", - деді полицейлер. Ұсталған адамға қатысты тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары басталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети