26 ақпан 2024 | 12:37

Қостанайда полицияның көліктерді тінтуіне себеп болған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Қостанай облысында полицейлер қарулы қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында полицейлер қарулы қарақшылық шабуыл жасаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті қамауға алынды. 24 ақпанда ер адам Қостанай облысындағы металл қабылдау пункттерінің біріне шабуыл жасап, қарумен қорқытып, 792 мың теңгені ұрлап, ізін суытқан.

"Оны ұстау үшін арнайы жоспар енгізілді, тінту ұйымдастырылды, оның ішінде көліктер тексерілді. Рудныйда күдіктіні ұстадық. Тапаншаға ұқсас зат, қолма-қол ақша және балаклава тәркіленді. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қаруға сараптама тағайындалды", - деді ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Юрий Полюхов.

Күдікті мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ПД жолдың жабылуына байланысты туындаған қолайсыздықтарға түсінік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети