Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда салмағы 7 келіге жуық алып қыз дүниеге келді

Облыстық аурухананың перинаталдық орталығы қызметкерлері салмағы 6700 келі және 69 сантиметр қыз дүниеге келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, акушерлік тәжірибеде салмағы 4-5 кг нәресте алып қатарына кіреді. Ал 6 келі немесе одан да көп салмақты балалар орталықта сирек кездеседі.

Мамандардың айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы.

"Ананың босануы жоспар бойынша, яғни кесарь тілігі арқылы өтті. Жаңа туған нәресте екі күн реанимацияда жатты. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Қызға Айару есімі қойылды, ол - отбасындағы үшінші бала", - деді дәрігерлер.

Анасы Әйгерім Долдашева перинаталдық орталық дәрігерлеріне алғысын білдірді. Әулиекөлдегі үйінде Айаруды әкесі, ағасы және әпкесі күтіп отыр.

Балалар бөлімінде нәрестені неонатолог дәрігерлер Ақмарал Ақатай мен Әсет Өтегенов бақылап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети