Қостанайда биыл сәуірде төтенше жағдайда сегіз адамды құтқарып, қаһармандық әрекетін жасырып қалған өрт сөндірушіні марапаттамақшы. Бұл туралы Қостанай қалалық ТЖБ инженері Гүлнар Жолбарысова мәлімдеді, - деп хабарлайды "КН".

Сәуірде "Атлант" дүкенінде өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Алайда мән-жайы хабарланған жоқ. Оқиға орнына келген № 1 өрт сөндіру бөлімі басшысының орынбасары Үсен Жаулыбаев дүкен жертөлесінде темір есікпен құлыптаулы бөлмеде адамдар болғанын анықтаған. Ол аға сержант Аслан Нұрмағамбетовке есікті бұзуға тапсырма берген. Барлығы бірнеше секундтың ішінде ушығып кетуі мүмкін еді.
Өрт сөндіруші есікті бұзған. Сегіз адам сол жігіттің арқасында аман қалады. Сол кезде ғимараттан 50 литрлік екі газ баллонын алып шыққан. Дүкеннің электрқалқаны, ас бөлмесінің жиһазы, үстелдер, пластмасса құты, есіктер мен баспалдақ ағаштары өртенген. Барлығы жарты сағатта сөндірілген.
Өрт сөндіруші бұл әрекетін жасырып қалған. Дүкен әкімшілігі алғыс хат әкеліп бергенде әріптестері үндемей қала алмаған. Ендігіде оны марапатқа ұсынбақшы. Қандай марапат екені кейінірек анықталады. Аслан Нұрмағамбетов 30-да, ол өрт сөндіру қызметінде 11 жылдан бері қызмет етіп келеді.