видеодан үзінді
Қостанайда спорттық алаңда жанжал шығарған әйелдердің біреуіне сот әкімшілік айыппұл салды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Қостанайда спорттық алаңда жанжал шығарған әйелдердің біреуіне сот әкімшілік айыппұл салды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".
Қостанай әкімшілік мамандандырылған сотындағылардың айтуынша, сот отырысында әйел адам өз кінәсін толығымен мойындап, қатаң жазаламауын сұраған. Прокурор әйелге 5 АЕК айыппұл салуды сұрады. Алайда судья әйелге 3,5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Еске салайық, мамырдың басында жасөспірімдер мен әйелдер арасындағы жанжалдың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тараған еді. Ролик қалада қоғамдық резонанс тудырған.