10 қыркүйек 2020 | 11:40

Қостанайда супермаркеттегі пакеттен жарқанат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда супермаркеттегі пакеттен жарқанат табылды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда супермаркеттегі пакеттен жарқанат табылды, - деп хабарлайды "Костанайские новости".

Қостанай тұрғыны 6 қыркүйекте супермаркеттен салат жапырағын сатып алған. Таңертең баласына бутерброд жасайын деп, пакетті ашқанда, ішінен тірі жан тапқан.

"Кешке пакетті тоңазытқышқа салдым. Таңертең алдым да, жапырағын үздім, жуа бастадым, кейін шиқыл естідім. Пакетті дұрыстап жіберген едім, бір нәрсе шиқылдады ма, пысылдады ма, түбінен шығып бара жатқан сияқты болды. Күйеуім менің айқайыма жүгіріп келді, ол: "Бұл жарқанат қой!", деді. Шынымды айтсам, әлі күнге дейін өзіме келген жоқпын. Оның мені тістеп алмағаны жақсы болды. Ал салат жапырағын біздің тоғыз жастағы қызымыз үйде жиі өзі алады ғой. Тышқан оны тістеп алса ше?...", - деп шағымданды Ирина Вишненко.

Келесі күні ерлі-зайыпты жағдайды түсіну үшін дүкенге барған.

"Әкімші тышқан ол жерге қоймада кіріп кеткен шығар деді. Біз оған газетке жариялайтынымызды айттық. Біздің мақсат - сатып алушылар абай болуы үшін ескерту. Пакетті бірнеше себеппен дүкенге қайтардық. Біріншіден, онда барлық тауарды қайта тексеру керек. Екіншіден, жарқанатты дұрыс алу керек, өйткені ол қауіпті аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Олар кешірім де сұраған жоқ. Ақша қайтаруды ұсынбады. Бұл жағдайға кім кінәлі екенін білмеймін, бастысы ол қайталанбауы тиіс", - дейді Ирина.

Кейін журналистер ресми түсінік алу үшін супермаркеттің әкімшісі Темірлен Нусанбаевқа жүгінді. Ол республикалық дүкендер желісінің бас кеңсесіне сұрау жазуға кеңес берді және бұл жағдайда өндіруші жауапты екенін айтты. Ал өндіруші Евгений Ионин (Свердловская облысы, Ресей) бұған келіспейді.

"Бұл пакет менен бастап дүкеніңізге дейін қанша қолдан өткенін елестете аласыз ба? Оны қалай тасымалдағанын және қалай сақтағанын білмеймін. Қаптама ашық болған соң жарқанат кез-келген қоймада кіріп кетуі мүмкін. Біз жіберер алдында әр пакетті тексереміз. Менің ойымша, бұл дүкеннің жауапкершілігі, өйткені қабылдау кезінде олар тауарды мұқият тексеру керек", - деді Евгений Ионин.

Журналистер супермаркеттер желісінің басшылығына және аймақтың санитар қызметіне ресми сұрау жіберді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети