30 желтоқсан 2016 14:16

Қостанайда Toyota Fortuner жол талғамайтын көлігін құрастыру тоқтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылы желтоқсанның ортасында Қостанайдағы "СарыаркаАвтоПром" зауытында Toyota Fortuner жол талғамайтын көлігінің соңғы даналары шықты. "Тойота Мотор Казахстан" ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, Fortuner көлігінің құрастырылуы тоқтатылды, ал автомобильдерді құрастыру үшін бөлшектерді ҚР аумағына алып келу жоспарланбаған. Бұл туралы uincar.ru порталы жазады. 

Toyota Fortuner Қазақстанның "Агромаш Холдинг" құрамына кіретін "СарыаркаАвтоПром" зауытында 2014 жылдан бері құрастырылып келген. Басында жоспар бойынша жылына 3000 автокөлік құрастырылатын болған. Алайда, БАҚ мәліметінше 2016 жылы зауыт небәрі 300 көлік шығарған. Оның басты себебі көлік бағасының қымбат болуына орай сұранысқа ие болмауы: базалық нұсқасы 39 200 долларға бағаланған. 2015 жылы компания оның бағасын 28 550 долларға дейін түсірген. Көліктердің саудасы көтерілген, бірақ ондай ойдағыдай көп емес - 570 көлік сатылған. 

Мамандардың айтуынша, осы көліктің құрастырылуын тоқтатуға екі себеп бар. Біріншіден автомобиль сұранысқа ие бола алмады. Екіншіден осы модельдегі Fortuner көліктерінің Қазақстан Республикасы алған сертификаттың мерзімінің аяқталуы (2017 жылы наурызда). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети