Қостанайда тұрғын косметологтан 1,2 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда тұрғын косметологтан 1,2 миллион теңгесін сот арқылы қайтарып алды Фото:depositphotos.com

Қостанайда тұрғын салоннан 1,2 миллион теңгесін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда тұрғын салоннан 1,2 миллион теңгесін қайтарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың жазында Қостанай тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1 200 000 теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзу және ақшаны толық қайтару туралы салон әкімшілігіне талап қойған.

Салон бұл талап арызға жауап бермеген, сондықтан тұтынушы Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген.

"Департаменттің тексерісі салонның талап арызға жауап бермегенін анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар келісімшартқа тұтынушылардың құқықтарын шектейтін шарттарды, оның ішінде ақшаны қайтармау туралы ережені алып тастау жөнінде нұсқама берілді. Тұтынушыға сотқа жүгіну ұсынылды", - делінген хабарламада.

Сот барысында салонның дерматокосметологиялық процедураларды лицензиясыз өткізгені анықталған, себебі бұл қызметтер медициналық қызметтер қатарына жатады.

Сот салонды тұтынушыға барлық төленген соманы қайтаруға міндеттеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети