ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 21:08
Қостанайда үлкен қойма өртенді: жалын арасынан бес газ баллоны шығарылды
Қостанайдағы Орджоникидзе көшесінде ірі қойманың шатыры ашық жалынмен жанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға орнында құтқарушылар, ТЖМ жедел-құтқару жасағы мен апаттар медицинасы орталығының мамандары, сондай-ақ полиция қызметкерлері, жедел медициналық көмек және апаттық газ қызметі жұмыс істеді.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері Орджоникидзе көшесінде орналасқан жеке тұрған қойманың шатыры ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан қоймадан көлемі 80 литрден болатын 5 оттегі баллонын алып шығып, қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша ықтимал қауіпті салдардың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.
Құтқарушылар 650 шаршы метр аумақта өртті толық сөндірді.
Бұған дейін ТЖМ Орджоникидзе көшесінде жеке тұрған техникалық қызмет көрсету станциясының ғимараты өртеніп жатқанын хабарлаған болатын.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу