11 ақпан 2019 13:49

Қостанайда Ұлттық бюроның аса маңызды істер жөніндегі офицері қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Қостанай облыстық департаментінің қызметкері пара алуға оқталды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"2019 жылы 7 ақпанда Қостанай мамандандырылған тергеу соты жедел тергеу тобының басшысы - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасының аға тергеушісі Т. Ж.Амантай  Қостанай облысы прокурорының орынбасары Қ. Мамаевтың келісімімен Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментінің жедел басқару аса маңызды істер жөніндегі офицері азамат Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ведомство баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, ұсталған азаматқа ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі және 366-бабы, 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасады, яғни айтарлықтай мөлшерде пара алуға оқталды деген күдік келген.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram