05 қазан 2021 | 10:41

Қостанайдың бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Базыл Жақыпов. Фото:kostanay.gov.kz Базыл Жақыпов. Фото:kostanay.gov.kz

Қостанайдың бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов қайтыс болды. Бұл туралы "Біздің Қостанай" басылымында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайдың бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов қайтыс болды. Бұл туралы "Біздің Қостанай" басылымында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ-тың хабарлауынша, Базыл Жақыпов ұзақ уақыттан бері ауырып жатқан.

Оның соңғы жұмыс орындарының бірі "Тобыл "ӘКК" АҚ болды. 2019 жылдың қыркүйегінде Басқарма төрағасы болып тағайындалды, бірақ 2020 жылдың наурызында денсаулығына байланысты корпорациядан кетті.

Базыл Жақыпов 1965 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысының Жақсы ауданы Терісаққан ауылында дүниеге келген.

Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін (1991) ғалым-агроном мамандығы бойынша, Алматы Экономика және статистика институтының экономика және қаржы факультетін (2006) қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, Азаматтық қорғаныс мәселелеріне жетекшілік етті.

2015 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың ақпанына дейін Қостанай қаласының әкімі қызметін атқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети