Бүгін Қостанай № 2 соты Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Қостанай № 2 соты Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың үй қамауындағы мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімнің ұзартылуы сот-фонографиялық сараптамасының дайын болмауымен байланысты. Сонымен қатар, тергеу ақылы күдікті Ахметжановтың ұқсас қылмыстар жасағаны анықталды, дегенмен оны дәлелдеу үшін қосымша уақыт керек.
"Бүгін күдікті Ахметжановқа қатысты істі 8 қарашаға дейін тергеп біту мүмкін болмағандықтан, оны үй қамауында ұстау мерзімін 8 желтоқсанға дейін ұзартуды қажет деп табылды, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Еске сала кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов 8 қыркүйекте ұсталған болатын. Сол уақытта оған қызметтік өкілін теріс пайдаланды деген күдік келді.