Базыл Жақыпов Қостанайдың әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Базыл Жақыпов Қостанайдың әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол бұған дейін облыс әкімінің орынбасары болған еді. Бүгін қалалық мәслихаттың сессиясында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов депутаттарға облыс орталығының әкімі қызметіне Жақыповтың кандидатурасын ұсынды. Депутаттар бұл кандидатураны қолдады. Еске сала кетейік, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжанов қылмыстық істің қозғалуына байланысты үй қамауына алынған болатын.
Базыл Жақыпов Ақмола облысында дүниеге келген, агроном және экономист мамандықтарын игерген. Ол "Қарабалық аудандық ауыл шаруашылық және азық-түлік басқармасы" MM басшысы, Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары болды. 2008 жылдан бері - Қостанай әкімінің орынбасары. 2009 жылдың ақпанынан бері - Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары болды. Ол ауыл шаруашылығы, жер қатынасы, табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалауды реттеу, жергілікті аймақтағы төтенше жағдайларды ескерту және жою, азаматтық қорғаныс істеріне басшылық етті.