Қостанайлық әйел бір жыл бойы алаяқпен сөйлесіп жүрген

Мұхтар Жәмішжанов
Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қостанайлық әйел бір жыл бойы алаяқпен сөйлесіп жүрген, - деп хабарлайды Kstnews.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қостанайлық әйел бір жыл бойы алаяқпен сөйлесіп жүрген, - деп хабарлайды Kstnews.kz.

39 жастағы Ләззат Шалқымбаева (кейіпкердің аты-жөні оның өтініші бойынша өзгертілген) басылымнан көмек сұраған. Ләззат ажырасқан, жақында ұлы он жасқа толады. Баланың әкесі оларға мүлде көмектеспейді.

"Мен көп жыл бойы қажымай жұмыс істедім. Ұлымды бағып отырған ата-анам көмегін аямай келеді. Мен балам үшін қолымнан келгеннің барлығына бардым. Дегенмен, моральдық және физикалық тұрғыдан шаршадым. Менің ешқашан үйленгім келмеген, бірақ, мені біреумен қосқысы келетіндер көп болды. Олар әлеуметтік желілерде танысуға кеңес берді, - дейді ол.

Кейіпкердің айтуынша, Желіде парақша ашуға пандемия әсер еткен. 2020 жылдың сәуірінде ол қашықтан жұмыс істейді. Осы кезде Ләззат Instagram-ға тіркеліп, бейтаныс еркекпен танысады. 

"Бір апта өткеннен кейін сөйлесіп жүрген адамым сезімін білдірді. Ол сол уақыт аралығында видеоқоңыраумен мүлде хабарласпады. Бұл маған қызық көрінетін. Тіпті, оның даусын да сирек еститінмін. Алғашында ол менен он мың теңге қарыз сұрады. Ақшаны бір апта ішінде қайтаруы керек болатын, бірақ 5 күннен кейін хат жазыпты. Хатта оның бұрынғы әйелі үйінен қуып шыққанын және қазір ол пәтер жалдап тұрып жатқанын жазған. Мен берген ақшаны пәтердің депозитке салыпты. Сосын мен оны аяп кетіп, 100 мың теңге салып жібердім", - дейді алданған әйел.

Осы жағдайдан кейін ер адам Ләззаттың хабарламасына әдеттегіден кеш жауап беретін болған. Кейін, тіпті, Instagram-дағы парақшасының мәліметтерін өзгертіп, телефон нөмірін ауыстырған. Әйелді алдап соққан Мұхтар 2020 жылдың шілдесінен қарашаға дейін байланысқа шықпайды. Үш айдан кейін Мұхтар оны қайта іздеп, сағынғанын жазады. Алаяқ Қырғызстанға кетуге мәжбүр болғанын айтып, тағы да көмек сұраған. 

"Оның жаны қиналып жүр деп ойладым, жүрегім ауырды. Сосын мен оның жолына 50 мың теңге бердім. Ақшаны QIWI арқылы аударғанмын. Бірнеше сағаттан кейін ол қайта жоғалды. Мен тағы да алаяқтың арбауына түсіп қалдым", - дейді Ләззат.

Ләззат өзі бастан кешкен жағдайды өзгелерге сабақ болсын деп бөліскенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro