Қостанайлық ерлі-зайыптылар Қазақстандағы тұңғыш ұлу фермасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қостанайлық ерлі-зайыптылар Қазақстандағы тұңғыш ұлу фермасын ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біздің Қостанай" басылымына берген сұхбатында кәсіпкер Оксана Старкова интернеттен ұлу өсіру идеясын көргеннен кейін, бірден қолға алғанын айтады.
Күйеуі Василиймен бірге Ресейден әкелінген жүзім ұлуларының дәмін татып көрген. Ерлі-зайыптылар олардың еті қатты болғандықтан ұнатпаған. Оған қарағанда Беларусьтен өсіру үшін сатып алған Helix Aspersa Muller ұлулары дәмдірек болып шықты.
"Біз Украина, Ресей және Беларусь елдерінде ұлу сатып алуға болатын жерді ұзақ іздедік. Соңында Белоруссиядан жұмыртқасын алдырдық", - деді Старкова сұхбатында.
Ерлі-зайыптылар өздерінің саяжайларында жаз бойы жұмыртқадан ұлу өсірген.
Helix Asersa Muller жұмыртқасынан ересек ұлуды өсіруге шамамен төрт ай қажет. Кейбір особьтарды іріктеп алып, келесі ұрпақты беру үшін қалдырады, ал басқалары тұтынуға дайындалады.
Ұлу фермасы / Фото: "Біздің Қостанай"
Пісіру әдісіне келетін болсақ, ерлі-зайыптылар тамақ пісірер алдында ұлуларды жуып, содан кейін 15 минут қайнатып, содаға қайнатылған қабығынан шығарып, пеште пісіретінін түсіндірді. Содан кейін ұлу еті дәмді болады.
Оксана мен Василий Старковтар үстіне сары май, сарымсақ, шөптер және қара бұрыш соусын құйып дайындағанды жақсы көреді. Бұл әдіспен пеште жеті минут пісіріледі.
Alau.kz басылымының хабарлауынша, ұлу фермасының өнім көлемін ұлғайту үшін Старковтар отбасы пәтерлерін сатып жеке жүй сатып алған, оның ауласында жыл бойы өсіретін жеке алаң салуды жоспарлап отыр.
Қазіргі жалғыз мәселе - ақпараттың жетіспеушілігі. Оны басқа кәсіпкерлер қомақты ақшаға бөліседі. Сондықтан олар селекция туралы білімдерін тәжірибемен алады.
Өндіріс әлі жолға қойылған жоқ, дегенмен қостанайлықтар тәтті тағамға қызығушылық танытып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!