Қостанай тұрғыны Самрат Иржасов Instagram желісіндегі парақшасында Алматыдағы қайғылы оқиғаларға қатысты өлең оқып берді.
Қостанай тұрғыны Самрат Иржасов Instagram желісіндегі парақшасында Алматыдағы қайғылы оқиғаларға қатысты өлең оқып берді.
"Ал сенесің бе?" деп аталатын өлеңі бір тәуліктің ішінде 62 мыңнан аса көрілім жинап, көптеген пікір жинады. Ролик әлеуметтік желілер мен интернет-басылымдарда жарияланып жатыр.
"Наша газета" басылымының мәліметінше, ер адам 15 минуттың ішінде өлең шығарып, оны Желіге жүктеген. Оның бұл ісі күтпеген жерден, тосыннан шыққаны айтылады. "Мен жаным ауырған кезде және жүрегім соны сұраған кезде жазамын. Бұл менің жүрегімнен шыққан сөздер: музыка да, өлең де", - дейді Самрат.