12 шілде 2019 16:11

Коттеджі барларға да жәрдемақы төлеген - Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gurzuf.crimea-blog.com © gurzuf.crimea-blog.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өңірлерде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру кезіндегі олқылықтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өңірлерде атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) беру кезіндегі олқылықтарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алатын 291 мың отбасы немесе 1 миллион 450 мың адамға 87 миллиард теңге төленді. Бұл ретте АӘК алушылардың 38 пайызы Шымкент қаласы (9 пайыз) мен Түркістан облысының (29 пайыз) тұрғындары.

"Кейбір жұмысқа қабілетті азаматтар АӘК алғысы келеді, бірақ жұмыс істеуден бас тартады. Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылармен міндетті түрде олар жұмысқа орналаса алатын, жаңа мамандықтар мен бизнес жүргізу негіздерін оқитын, гранттар мен жеңілдетілген микрокредит алатын әлеуметтік келісім-шарттар жасау керек. Масылдыққа жағдай жасауға болмайды, сондықтан тиісті өзгерістер ережеге енгізілетін болады", - деді Сапарбаев.

Сондай-ақ, ведомство басшысы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу кезінде бұзушылықтарға жол берілмеуін талап етті.

"Біздің мамандарымыз "E-Халық IP-де" тіркелмеген төлемдер, артық төлемдер, екі еселенген төлемдер, учаскелік комиссияның тексеруінсіз АӘК тағайындау сияқты бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Мысалы, меншігінде үш қабатты коттедж бен автокөлігі бар азаматтарға АӘК төленіп кеткен жағдайлар да орын алған. Бұл бюджет қаражатын заңсыз пайдалану болып табылады және оған жауапкершілік көзделген. Әкімдіктерге жергілікті жерлерде бақылауды күшейту керек", - деді министр.

Осыған байланысты Министрлік тарапынан әкімдіктермен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп анықталған бұзушылықтарды жоюға, заңсыз төленген қаражатты бюджетке қайтаруға, сондай-ақ болашақта мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр.

Сонымен қатар, кеңесте жаңа жұмыс орындарын ашу, жалақы бойынша берешектерді төлеу, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына тарту мәселелері қаралды.

Бердібек Сапарбаев АӘК-тің негізгі мақсаты - қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету, соның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларын көрсету арқылы жәрдемдесу екеніне ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол жергілікті жерлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Министрдің мәліметінше, республика бойынша еңбекке қабілетті 85 мың АӘК алушының тек 32,5 мыңы немесе 38 пайызы ғана әлеуметтік келісім-шарттар жасасқан. Түркістан облысында бұл көрсеткіш 29 пайыз, Шымкент қаласында-9 пайыз болған. 

Айта кетейік, 2019 жылы кедейшілік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 50-ден 70 пайызға дейін көтерілді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыздан төмен көпбалалы отбасылар, яғни бір отбасы мүшесіне айына 20 788 теңгеден аз, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 теңгеден жоғары АӘК алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети