ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.
ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің сайтына сілтеме жасап.
"Бүгін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Әділ Ғалымжанұлы Қожықов ҚР АКМ Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.
Әділ Қожықов 1978, жылы туған, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Саясаттану" мамандығы бойынша тамамдаған. Өзінің еңбек жолын 2000 жылы Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінде ғылыми қызметкер болып бастаған. Әр жылдары ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында, ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саясат және талдау орталығында жұмыс істеген.
2005-2011 жылдар аралығында ҚР Президентінің Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған: Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы, Ақпараттық-талдау орталығында сектор меңгерушісі, Баспасөз хатшының орынбасары, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2011-2012 жылдары - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі "Телекоммуникация саласындағы техникалық сүйемелдеу және талдау орталығы" РМК директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі. 2014 жылғы сәуір - 2016 жылғы қыркүйек аралығында "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры лауазымын атқарды. 2016 жылғы қазан-желтоқсан аралығында - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің кеңесшісі.