28 қазан 2018 12:42

ҚР Әскери қызметкерлердің балалары ең үздік жас палуан сайысына қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спорттық-бұқаралық жұмыстарды ұйымдастыру және спорттық секцияларды дамыту шеңберінде ҚР ҚМ Сарыөзек гарнизоны армиясындағы орталық спорт клубының базасында әскери қызметкерлердің балалары арасында қазақ күресінен турнир аяқталды.

Жарысқа жалпы 80-нен астам жас палуандар қатысты. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

"Гарнизондарда балалар секциясын құрудың басты мақсаты денесі шыныққан балалар арасынан ЦСКА-ның әлеуетті спорттық резервін қалыптастыру және мұндай шаралар өскелең ұрпақтың спортқа деген құлшынысын одан әрі оятады. Алдағы уақытта дәл осы палуандар Қарулы Күштер қатарын толықтырып, республикалық және халықаралық дәрежедегі жарыстарда әскери клубты таныстыра отырып, еліміздің намысын қорғайтын болады", - деп атап өтті ҚР ҚМ ЦСКА спорт комитетінің төрағасы, полковник Расул Мейірманов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети