Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштерінде жаңа сүңгуірлік керек-жарақ пен жабдықтың сынамасы жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қарулы күштерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сонымен қатар, оны оқу-жауынгерлік қызмет барысында әрі қарай қолдану үшін сүңгуірлер бөлімшесінің жеке құрамы оқып-үйренді.

Өзінің тактика-техникалық сипаттамалары бойынша бүгінгі таңда аталмыш жабдықтың Каспий өңірінің елдерінде баламасы жоқтың қасы. Оның ерекшеліктері жабдықталмаған жағалау жағдайларында сүңгуірлік түсулерді қамтамасыз ету мүмкіндігі болып табылады. Одан басқа, керек-жараққа техникалық қызмет көрсету бөлімшенің ұдайы орналасу пунктіне қарамастан жүргізіледі. Бұл қазақстандық жағалаудың жаға маңы аймағында суасты ортаның қолайлы жағдайын қамтамасыз ету жөнінде қойылған тапсырмаларды жедел және сапалы орындауға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылдың қарашасында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің сүңгуірлер бөлімшесіне "Гидроприбор" ҒЗИ" АҚ қазақстандық кәсіпорында өндірілген КамАЗ базасында мобильді сүңгуірлік кешенді жеткізу жүзеге асырылғанын айта кеткен жөн.
"Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері су жаңа заманауи әскери-арнайы техникамен жабдықталуы бойынша Каспий маңындағы мемлекеттерге дес бермейді. Ал кейбір үлгілер бойынша тіпті, асып түседі", - деп ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.