16 ақпан 2015 | 13:40

ҚР әскерилері зейнетақымен толық қамсыздандыру жүйесіне көшіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметкері 2016 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік зейнетақымен толық қамсыздандыру жүйесіне көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери қызметкері 2016 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік зейнетақымен толық қамсыздандыру жүйесіне көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл Қазақстанның зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін жаңғырту тұжырымдамасы шеңберінде қарастырылып отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүйе іске қосылғаннан кейін әскери қызметте шекті жасқа жетіп немесе денсаулығына байланысты және ұйым-штат іс-шаралары арқылы зейнеткерлікке шыққан әскери қызметкерлер мемлекет бюджетінен толық көлемде зейнетақы төлемін алатын болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда 1997 жылы жүргізілген зейнетақы реформасына сәйкес, мемлекет бюджетінен төленетін зейнетақы 1998 жылдың 1 қаңтары күнгі жағдай бойынша 10 жылдан артық уақыт әскери қызметте болғандарға ғана беріледі. Ал әскери қызметте 10 жылдан аз уақыт жұмыс істегендерге мемлекет бюджетінен зейнетақы жартылай көлемде және зейнетақы жинағандағы ақшалай қаражаттың 20 пайызы төленеді.

"ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнеткерлікке шыққан әскери қызметкерлердің зейнетақы төлеменің көлемі 9 пайызға көтерілді. Ал еңбек сіңірген жылдар үшін төленетін зейнетақы төлеміне қол жеткізу үшін еңбек тәжірибесінің жалпы көлемі 25 жыл және 12,6 жылдан кем емес уақыт әскери қызметте үздіксіз еңбек ету міндетті", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы көлемінің өскені хабарланған болатын. Айлық есептік көрсеткіші биыл - 1982 теңге, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері - 23 692 теңге, орташа мөлшері - 11 182 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі - 21 364 теңге. Зейнетақы төлемдері 9 пайызға, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 7 пайызға өсті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети