ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитет төрағасы ұсталды видеодан үзінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов С. бірнеше рет пара алғаны үшін ұстады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметінде

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько Е. арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына ет кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отыру жүйесін ойластырған. Хасенов осы жүйе бойынша белгіленген уақытта белгілі қаражатты алып отырған. Осылайша "Хладоленд" ЖШС басшылығынан Қазақстан аумағына 1 000 тонна құс етін кіргізуге рұқсат бергені үшін 5 миллион теңге пара алу кезінде Хасенов пен Решетько ұсталған. Хасенов пен Решетько өз кінәләрін толығымен мойындап отыр", - делінген таратылған хабарламада. 

Қазіргі уақытта Хасенов Астана қаласының ІІД-нің уақытша қамау изоляторына жабылған. Соталды тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік,  2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети