14 желтоқсан 2016 | 13:11

ҚР Бас прокуратурасы Әблязовтің жүзеге аспай қалған экстрадициясы жайлы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязов. © Ярослав Радловский Мұхтар Әблязов. © Ярослав Радловский

ҚР Бас прокуратурасы Францияның мемлекеттік кеңесінің қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің РФ-ға беруге қарсы болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Бас прокуратурасы Францияның мемлекеттік кеңесінің қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің РФ-ға беруге қарсы болуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Бас прокуратурасы тергеуі аяқталған барлық жағдайдағы айыпталушыларды ұстауға, әділ сот жүргізуге және шығынды өндіруге заңда қарастырылған барлық шараны қабылдайды. 

"2016 жылдың 9 желтоқсанында Француз Республикасының Мемлекеттік кеңесі Францияның премьер-министрінің Әблязовті Ресейге РФ-ның экстрадициялық сұранысы бойынша бермеу туралы шешім шығарып, оны қамаудан босатты. Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы осы жағдайға байланысты ресми хабарлама арқылы ұстанымын білдірді", - дейді прокуратура өкілдері.

Ресей Бас прокуратурасы Францияның мемлекеттік кеңесінің қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің РФ-ға беруге саяси себептер бойынша сұралып отырғаны туралы тұжырымымен келіспеген болатын. Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 9 желтоқсанында Францияның Мемлекеттік кеңесі осы елдің премьер-министрінің Әблязов Мұхтар Қабылұлын беру туралы 2015 жылдың 17 қыркүйегінде қол қойылған декретін жойды. Бұған негіз ретінде Мемлекеттік кеңес Әблязовті беру саяси мақсаттарда сұралғанын айтты.

"Ресей Федерациясының бас прокуратурасы бұл шешімді негізсіз деп есептейді, халықаралық құқық нормаларына сәйкес келмейді, сондай-ақ француз соттарының бұған дейін шығарған шешімдеріне қайшы", - деген еді ресейлік бақылау ведомствосының ресми өкілі Александр Куренный.

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Францияның Мемлекеттік кеңесі Мұхтар Әблязовті Ресейге экстрадициялау туралы қаулының күшін жойды. Тұтқындалған бизнесменді Ресейге беру туралы жарлыққа елдің премьер-министрі Мануэль Вальс 2015 жылдың қыркүйегінде қол қойған болатын, алайда Әблязовтің адвокаттары апелляциялық шағым түсірген еді.

"Әблязовтің экстрадициясы саяси мақсаттарда сұралған деуге негіздер бар немесе осыдан оның саяси жағдайы нашарлауы мүмкін", - деп мәлімдеді Мемкеңестің отырысында баяндама жасаған адам.

AFP мәліметінше, Мемкеңес мұндай қадамға бұған дейін бір-ақ рет барған. Ол кезде испан оппозиционерін Франко билігі сұраған болатын. 

Осыдан кейін туыстары Әблязовтің босап шыққанын хабарлады.

Еске салайық, қазақстандық БТА Банктің бұрынғы басшысы Әблязов 2013 жылдың шілдесінде француздың Альп тауларында ұсталып, содан бері Париждің оңтүстігіндегі Флери-Мерожи коммунасындағы абақтыда жатқан. Ол бірқатар қылмыс жасады деп айыпталды, сол айыптардың ішінде алаяқтық, құжаттарды қолдан жасау, өкілеттікті теріс мақсатта пайдалану баптары болған. Ал оның келтірген жалпы шығыны бірнеше миллиард долларға бағаланған.

Әблязовтің банк басшылығындағы қызметі Ресейде, Қазақстанда және Украинада қылмыстық қудалауға ұшырады, алайда экс-банкирді Ресей мен Украина ғана сұрап отыр, себебі Астана мен Париж арасында экстрадиция туралы келісім жоқ. Әблязовқа қатысты іс 2009 жылы қозғалған еді, содан бері ол Қазақстаннан қашып кетіп, көп уақыт бойы Ұлыбританияда өмір сүрді, кейін бұл елден де кетуге мәжбүр болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети