ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер 11-сынып оқушыларының оқу жылын "ұзарту" туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БҒМ өкілдерінің айтуынша, барлық мектеп оқушысында оқу жылы әдеттегідей уақытта аяқталады.
ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер 11-сынып оқушыларының оқу жылын "ұзарту" туралы қауесетке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. БҒМ өкілдерінің айтуынша, барлық мектеп оқушысында оқу жылы әдеттегідей уақытта аяқталады.
"Біз оқу жылын ұзартпаймыз. 11-сынып оқушыларының оқу жылы жоспарланғандай уақытта аяқталады, яғни олардың оқу жылы 1 маусым мен 10 маусым аралығында бітіру емтиханын тапсырған соң аяқталады. Ешқандай өзгеріс болған жоқ. 11-сыныптар расында 1 шілдеден бастап босатылады. Себебі мектеп одан кейінгі уақыт бойы түлектерді тіркеу мен оларды ҰБТ-та жіберуге қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Біз Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтындағы ресми мәліметтерге ғана сенулеріңізді сұраймыз", - деді ведомство өкілдері.
Еске сала кетейік, осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева жазғы демалыстың 1 шілдеден басталуын дұрыс деп есептейтінін мәлімдеген болатын. Ал кейінірек білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның оқу жылын 1 шілдеге дейін ұзарту туралы ұсынысына қатысты пікір білдірген еді. "Біз балалардың білімді әрі бәсекеге қабілетті болғанын қалаймыз. Адам жыл өткен сайын көбірек жұмыс істеп, көбірек оқи түсетінін білеміз. Адамның көп көлемдегі ақпаратты есте сақтауы үшін өзгеріс енгіземіз. Сәйкесінше, бағдарлама да өзгертіліп, бес күндік оқу аптасына көшеміз. Оқу жылы да сәйкесінше екі-екі жарым аптаға ұзартылады", - деп айтқан болатын министр.