ҚР Білім және ғылым минситрлігі ҚазҰТУ-дағы студент өліміне қатысты түсінік берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Білім және ғылым минситрлігі ҚазҰТУ-дағы студент өліміне қатысты түсінік берді - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында тәрбие жұмыстарын тексеру туралы шешім қабылданды. "Яғни, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жоғары оқу орнының басшылығының есебі де тыңдалады. Комиссия жұмысының нәтижесі қосымша хабарланады", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, кісі өлімі 30 қараша күні Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-да болған еді. Дегенмен ресми ақпарат 3 желтоқсанда ғана таратылды. Алматы ІІД мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеуді Бостандық ауданы ІІБ жүргізіп жатыр.