04 маусым 2015 | 17:05

ҚР Білім және ғылым министрлігі полициядан ҚБТУ студентіне қатал жаза бермеуді өтінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының түлегінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген ҚБТУ студенті Аян Жәрдемовке жаза тағайындауда адамгерлішілікпен қарауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының түлегінің орнына ҰБТ-2015 тапсырып бергісі келген ҚБТУ студенті Аян Жәрдемовке жаза тағайындауда адамгерлішілікпен қарауды өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚР Білім және ғылым министрлігі құқық қорғау органдарына Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының түлегінің орнына ҰБТ тапсырып бергісі келген ҚБТУ студенті Аян Жәрдемовке қатысты адамгершілік көрсетуді сұрады. Оның жоғарғы оқу орнындағы оқу үлгерімі мен істеген әрекетінің мотивін есепке ала отырып, министрлік студентке жазалауға балама түрінде тәрбие жұмысын өткізуге волонтерлік жұмыстарды ұйымдастыруға дайын", - делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде дос қызы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, жігіттің берген түсінігінде ол осы әрекетімен таныс қызына ҰБТ-да көмектесу үшін республиканың басқа облысынан Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы барған. Прокуратура мәліметінше, жігітке қатысты ҚР ҚК 383-бабы - "Ресми құжаттарды және мемлекеттік сыйлықтарды алу немесе сатып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Сонымен қатар, комиссия түлектің ҰБТ-2015 тестілеу нәтижесінің күшін жою туралы шешім шығарды. Енді ҰБТ-ға өзінің орнына Аян Жәрдемовті кіргізген түлек тестілеуге 2016 жылы тапсыра алатын болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети