22 мамыр 2014 14:09

ҚР Бокс федерациясы Кубогында жеңімпаз болған командаға 25 млн теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Ертең бесінші рет ұйымдастырылып отырған “Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының” жеребесі тартылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ертең бесінші рет ұйымдастырылып отырған “Қазақстандық бокс федерациясы Кубогының” жеребесі тартылады деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе тарту рәсімі барысында 1/4-финалының жекпе-жектері өтетін қалалар анықталады деп күтілуде. "Матчтық кездесудің қорытындысы бойынша командалар тең түсетін болса қосымша жекпе-жектер үшін салмақ санаттары анықталады", - делінген ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Биыл “Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы”  еліміздегі спорттық маңызды жобаларының бірі және спортшылар мен жанкүйерлер арасында кеңінен танымал бәсеке.

"Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы" аймақтарда боксты дамыту және жас дарынды спортшыларды анықтау мақсатында Қазақстандық бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен бекітілген болатын.

Айта кететіні, биыл республикалық жарыс регламентіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, қатысушы командалар бұрынғыдай алдын ала жекпе-жектерді төрт топта өткізеді– A, B, C, D – әр топта 4 команда. Алайда, енді 16 команданың әрқайсысының қай топқа түсетінін анықтайтын жеребе тарту рәсімі рейтинг жүйесіне негізделеді. Яғни, осыған дейін өткен төрт маусымның нәтижесі бойынша төрт “себет” құралады. Әр “себеттен” топқа тек бір ғана команда түседі.Екіншіден, 25 миллион тенге көлемінде сыйақы тағайындалып отыр. Мұндай мол сыйлық жеңген командаға табысталады. Жарыстың жартылай финалы және финалы 14-15 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.

"Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы" республикалық жарысына облыстық және қалалық федерациялардың негізінде құралған 16 команда қатысады. Әр командада 49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 және 91 + салмақ санаттары бойынша 20 боксшы бар. Сондай-ақ, ҚР резиденті емес боксшыларына қатысуға болмайды. Матчтық кездесудің жекпе-жегінде жеңіске жеткен топқа 1 ұпай есептеледі, ұтылған топқа 0 ұпай беріледі.
Бұған дейін Астана(2010, 2013 жж.), Қарағанды (2011 ж.) және Маңғыстау (2012 ж.) облыстарының командалары жеңімпаз атанған-тұғын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети