ҚР энергетика вице-министрі тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Болат Ақшолақов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Болат Ақшолақов ҚР энергетика вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін, 28 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысымен Болат Оралұлы Ақшолақов Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Министрліктің активіне жаңа тағайындалған вице-министрді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев таныстырды.

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша экономист.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

1995-1997 жылдары Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары қызметін атқарды.

1997-2003 жылдары "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.

2003-2006 жылдар аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.

2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен.

2012-2014 жылдары - ҚР мұнай және газ вице-министрі.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап - "AlmexPetrochemical" ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

2016 жылдың ақпан айынан бастап "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры қызметінде болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro