10 ақпан 2014 21:03

ҚР ИЖТМ вице-министрі тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Сағадиев . Фотосурет  tedxalmaty.com сайтынан алынды Ерлан Сағадиев . Фотосурет tedxalmaty.com сайтынан алынды

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып Ерлан Сағадиев тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство таратқан ақпаратта "ҚР Үкіметінің биылғы 7 ақпанда шығарған қаулысына сәйкес Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды" деп айтылған. 48 жастағы Ерлан Сағадиев - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. АҚШ-тың Миннесота штатының университетін аяқтап, ғылым магистрі атағын алған. Еңбек жолын ҚР Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі департаменттің хатшысы болып бастаған. Одан әрі Дүниежүзілік банкте ауылшаруашылығы жағдайын сараптау жөніндегі департаментінде ассистент, Шығыс Еуропа, ТМД және АҚШ елдерінің кураторы қызметін атқарған. Ол бұған дейін Халықаралық Бизнес университетінің президенті, 2007 жылы ҚР Премьер-Министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Аймақтық қаржы орталығы академиясы Директорлар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген. ҚР ИЖТМ вице-министрі болып тағайындалғанға дейін еліміздің маркетингтік және стратегиялық зерттеу орталығы жанындағы құрылыс материалдарының кластерін дамыту тобының тең төрағасы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жобасы бойынша Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін бағалау жобасының жетекшісі болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети