ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Аймағамбетов Эльмира Суханбердиеваның уақытша демалысқа кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметіне уақытша тағайындалды., - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Асхат Аймағамбетов Эльмира Суханбердиеваның уақытша демалысқа кетуіне байланысты Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі қызметіне уақытша тағайындалды.
Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін "тарихшы, тарих мұғалімі" біліктілігі бойынша тәмамдаған.
2006 жылы - Қарағанды "Болашақ" актуалды білім беру институтының заң факультетін "құқықтану" мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары "Аңсар" жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары "МЕДИА СП" ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары - Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі күнге дейін - Қарағанды облысы Білім беру басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
2003-2012 жылдар аралығында Қарағанды қалалық мәслихатының III және IV шақырылымдарының депутаты, қала мәслихатының әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланған.