08 қыркүйек 2015 | 15:23

ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік алғаш рет ауқымды түрде тексеріле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҚМ баспасөз қызметі © ҚР ҚМ баспасөз қызметі

ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік алғаш рет ауқымды түрде тексеріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік алғаш рет ауқымды түрде тексеріле бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша бүгін кенеттен тексеру басталғаны хабарланды. Қазақстанның бес облысы, яғни, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан әскери қызметкерлерінің күштері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді. Мұндай ауқымды тексеріс ҚР Қарулы Күштерінде бірінші рет өткізіліп отыр. Осы облыстарда бір мезгілде 10 мыңға жауық әскери қызметші, Құрлық әскерлерінің 20-дан астам бөлімшелері, 2 мыңнан астам техника бірлігі көтерілді, ал жөнелту үшін 17 эшелон тартылды.

Алдағы аптада әскерлер оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оның ішінде Іле өзенінің су бөгетін алмастыруды пысықтайды, ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерімен әуеден қолдау жүзеге асырылатын болады.

Әскерлердің іс-қимыл барысын ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов пен ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзаков бақылады.

Олар Қапшағай қаласындағы "Берег" оқу-жаттығу орталығына барды, онда 4 мың әскери қызметкер, шамамен 1 800 техника бірлігі мен қару-жарақ, оннан астам батальон жеке құрамы шоғырландырылды.

Тексеріс нәтижесінде шартты заңсыз қарулы құралымдар оқшауланып, жойылады, оларға ведомствоаралық топтамалардың соққы күштерімен тойтарыс беріледі.

"Қазіргі уақытта тексеріске тартылатын құрамалар мен әскери бөлімдер жауынгердік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауда, марш жасауда. Толық жауынгерлік әзірлікке келтірілгеннен кейін тексерілетін әскерлер олардың ұдайы орналасу пункттерінен үлкен қашықтықта орналасқан таңсық полигондарға жиналады", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

"Бүгінгі күні әлемнің көптеген өңірлерінде мемлекеттік бастамаларды босаңсытуға талпынған экстремистік, лаңкестік және сепаратистік ұйымдардың жандануына байланысты жағдайдың тұрақсыздандырылуының елеулі қауіп-қатері туындап жатыр. Мұндай тексерісті өткізу әскерлердің далалық машығының деңгейін арттыру ісінде кезекті қадам болмақ. Дағдарыстық аудандарда бірлескен арнайы әскери операцияларды дайындау және жүргізуді пысықтау өзекті және қазіргі заманғы геосаяси өзгерістердің маңызды факторларымен қабылданған", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети