ҚР Қарулы күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Қарулы күштерінің Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Өкімімен Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Алмаз Джумакеев 1970 жылы 6 наурызда Қырғыз КСР-ның Ыстық көл облысының Пржевальск қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Республикалық арнайы мектеп-интернатын бітірген (Фрунзе). 1992 жылы Рязан жоғары әуе-десант командалық училищесінде білім алған. Офицерлік қызметін 1992 жылдың маусымында ҚР ҚК 35-гвардиялық десанттық-шабуылдау бригадасында парашют-десант взводының командирі қызметінен бастаған.
1992 жылдың қыркүйегінен қазан айына дейін Ресей Федерациясының Тәжікстандағы Пянджа шекара жасағында ТМД Мемлекеттік шекарасының күзеті бойынша қарулы қақтығыстарға қатысқан.
2011 жылы ҚР Аэроұтқыр десанттық-шабуылдау 36-бригадасының командирі. Сол жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Джумакеевке генерал-майор атағын берді. ІІ дәрежелі Айбын және ІІ дәрежелі Даңқ ордендерімен марапатталған.