30 желтоқсан 2017 17:43

ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы бірқатар әскери бөлім мен құраманы тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрата Майкеевтің нұсқауына сәйкес ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы мамандық бойынша дайындықтың өткізілу барысын тексерді.


Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрата Майкеевтің нұсқауына сәйкес ҚР ҚК Бас штабының комиссиясы мамандық бойынша дайындықтың өткізілу барысын тексерді.

Инспекция барысында комиссия мамандық бойынша дайындықтың сапасын, жеке құрамның штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін білуі, бақылау атыстарының жаттығуын орындауда және үлкен қашықтықтарда жаттығуларды орындауда әскери қызметшілердің машықтарын, жауынгерлік даярлықтың жоспарлаушы құжаттарының болуы мен пысықталуы сапасын тексерді.

Мамандық бойынша дайындықты жетілдіру шеңберінде әскери бөлімдерде әскери қызметшілер лауазымдық арналуы (механик-жүргізушілер, көздеуші операторлар, оқшашаршылар, гранатаатқыштар және т.б.) бойынша оқу топтарына бөлінді. Есептоптардың (экипаждардың) толық құрамдағы оқытылуы әскер тектеріне байланысты өткізілді.

Арнайы дайындық бойынша сабақтарды өткізу үшін барлық бөлімшелерде тәжірибелі нұсқаушы сержанттар құрамынан сабақтардың жетекшілері тағайындалды. Оқу-материалдық база, әскери техника және оқ-дәрілер бөлінді. Мамандық бойынша даярлық іс-шаралары барысында бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру, атысты басқару, қарулы қалыпты ұрысқа келтіру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардың өткізілу әдістемесіне оқытып-үйретіледі.

"Қарулы Күштердегі мамандық бойынша тексерудің жүргізілген талдауы бөлімше – взвод буынында офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлігінің жақсы деңгейін көрсетті. Жауынгерлік даярлық жөніндегі іс-шаралар нәтижелері бойынша жеке құрам әркез сайын атыс тапсырмаларын шешу әрекеттерінде өздерінің практикалық дағдыларын жетілдіруде. Бұл практикалық оқ атулар нәтижелерінің жақсаруына ықпал етеді", - деді комиссия мүшемі ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің аға офицері полковник Жанболат Тоқпанов.

Айта кетейік, мамандық бойынша дайындық 2017 жылы 11 желтоқсанда басталған және 2018 жылы 5 қаңтарда аяқталады. Көрсетілген дайындық ҚР Қарулы Күштерінің барлық түрлері, өңірлік қолбасшылықтар мен десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери қызметшілерімен әскери бөлімдер мен бөлімшелер командирлерінің жетекшілік етуімен өткізіледі. Практикалық сипатқа ие және негізінен жаттығу, топтық жаттығулар мен практикалық жұмысты орындау әдісімен өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети