ҚР ҚК старшиналары мен матростарының байқауына алғаш рет әйел әскери қызметшілер қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ҚК старшиналары мен матростарының байқауына алғаш рет әйел әскери қызметшілер қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласының 29011 әскери бөлімінде жағалық және техникалық бөлімшелердің үздік старшинасы мен матросы атағына байқау өтті. Кәсіби шеберлік сайысына материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының келісімшарт қызметінің матростары, батальон сержантттары, мамандар, взвод және бөлімше командирлері қатысты. Шараға алғаш рет матростардың барлық санаты, соынмен қатар әйел әскери қызметшілер қатыстырылып отыр.
"Байқау нәтижелері бойынша үздік взвод командирі 3-сыныпты сержант Сауырбай Қуанғалиев, үздік бөлімше командирі аға сержант Төленді Молдағалиев, үлгілі қызмет сержанты және маманы 3-сыныпты сержант Батырхан Есенғабылов пен бас старшина Қайрат Өтенов атанды. Қатысушы әйелдер арасында "Жауынгер қыз" аталымы жарияланды. Ол атаққа 2-статья старшинасы Майра Әбдірахманова ие болды", - деп хабарлады ведомство.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай іс-шаралар күнделікті қызметті ұйымдастыру, бағынысты жеке құрамға басшылық жасау мәселелерінде старшиналық құрамның білім мен дағдысын анағұрлым арттырады. Осындай форматтағы байқауларды әрі қарай өткізу практикасы әскери қызметшілердің жеке дайындығына, старшиналар мен матростардың беделін арттыруға оң ықпал етеді.