Бүгін, 2016 жылдың 13 қазанында ағымдағы жыл бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына тексеріс жүргізуге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Бүгін, 2016 жылдың 13 қазанында ағымдағы жыл бойынша әскерлердің қорытынды тексерісі шеңберінде ҚР Қорғаныс министрі Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарына тексеріс жүргізуге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның сайтына сілтеме жасап.
Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы ағымдағы жағдай мен қорытынды тексерістің жүргізілу барысы туралы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушы және Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының баяндамаларын тыңдады. Тексеріс кезінде генерал-полковник Сәкен Жасұзақов 01098 әскери бөлімі 2-ші танк батальонының іс-қимылдарын, роталық-тактикалық оқу-жаттығулардың өткізілу барысын, ЖӘЖМ-2 мен Т-72-ден мотоатқыш, танкті взводтардың оқ атуларды орындауын тексерді.
Қорғаныс министрі танк жарақтандыруынан үздік оқ атқаны үшін 21450 әскери бөлімі 8-ші танк ротасы 1-ші танк взводының сержанты Нұрлан Райымбековті айрықша атап өтіп, оған алғыс жариялады. Одан басқа, ведомство басшысы Отар және Сарыөзек гарнизондарының инфрақұрылымына жөндеу жүргізілуі барысын тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ҚР Қорғаныс министрі ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау жөнінде Гвардейск және Сарыөзек гарнизондарының командалық құрамы мен әскери қызметшілеріне нақты міндеттер жүктеді.
Бақылау сабақтарының нәтижелері бойынша әрбір әскери қызметшіге баға қойылып, сондай-ақ, арналуы бойынша тапсырмаларды орындауға бөлімшелердің дайындығының егжей-тегжейлі талдауы жүргізіледі.