ҚР Қорғаныс министрлігінде 2016 оқу жылының қорытындысы шығарылды

22 Қараша 2016, 23:00
0
ҚР Қорғаныс министрлігінде 2016 оқу жылының қорытындысы шығарылды - © mod.gov.kz
© mod.gov.kz

2016 жылдың 22 қарашасында Астанада қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың басшылық етуімен 2016 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жиында Министрліктің басшылығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, департаменттер мен басқармалардың басшылары, әскери жоғары оқу орындарының, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, құрамалар мен бөлімдердің командирлері, сержанттар құрамы қатысты. Сондай-ақ, алқа отырысына Бас әскери прокуроры әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов қатысты. Қорғаныс министрі ағымдағы оқу жылындағы Қарулы Күштер қызметінің қорытындысын жасап, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткізіліп жатқан алқа отырысының маңыздылығын атап өтті.

Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қорғаныс қабілеттілігі мен әскери қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету, Қарулы Күштердің сапалы параметрлерін арттыру мәселелеріне, ең алдымен, әскерлердің дайындық деңгейі мен олардың заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жабдықталуына ерекше көңіл бөледі. Бұл ретте әскерлерді дайындаудың қарқындылығы мен ұсталымы шынайы жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған. Бұл 2012-2016 жылдарға арналған Қарулы Күштерді кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы және Әскери доктринада бекітілген тапсырмалардың орындалуын аяқтауға мүмкіндік берді.

Күн тәртібінде жауынгерлік әзірлік пен жауынгерлік кезекшілік, жедел, жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы, қарудың, оқ-дәрілердің, техниканың сақталуы жай-күйі мен қазақстандық армияның материалдық-техникалық қамтамасыз етілу, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіптің жай-күйі, сондай-ақ, Қарулы Күштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет мәселелері қаралды. Осы тақырыптардың қаралуы әскер тектері мен түрлеріне және жалпы Қарулы Күштеріне жүктелген тапсырмалар мәнмәтінінде маңызды болып келеді. Әскери қызметшілерді баспанамен қамтамасыз етудің жаңа тетігі бойынша ұсыныстар қаралды.

Отырыс аясында Қарулы Күштердегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы баяндамасымен Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов сөз сөйледі.

"Бассыздыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру жөнінде Мемлекет басшысы талаптарының орындалуын қамтамасыз ете отырып, біз Қорғаныс министрлігімен бірлесе едәуір жұмыс атқардық. Құқық бұзушылықтың алдын алудың екі бағдарламасын іске асырдық. Бүгінде құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі бірлесіп атқарған жұмысымыз жүйелі түрге айналды. Және бастысы, түбегейлі нәтижеге бағытталған", - деді әділет генерал-лейтенанты Ерғали Мерзадинов.

Алқа отырысы барысында ҚР Қорғаныс министрі алдағы кезеңге мемлекеттің әскери қауіпсіздігі мен қорғанысын қамтамасыз ететін деңгейде әскери басқару органдары мен әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін ұстап тұру, соңғы жылдардағы қарулы шиеленістер тәжірибесін ескере отырып, түраралық, ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған "будандық қауіп-қатерлерге" қарсы тұру, сонымен қатар, стратегиялық бағыттарда әскерлер топтамасының өзіндік жеткілікті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі үшін әрекет етудің жаңа айла-тәсілдерін енгізу жөніндегі негізгі тапсырмаларды айқындады. Алқа отырысы соңында үздік взвод, рота және батальон командирлеріне, ұшқыштар мен теңізшілерге құрмет көрсету және марапаттау рәсімі өткізілді.

Одан басқа, 2017 жылды "Қарулы Күштердің 25 жылдығына - жоғары жауынгерлік әзірлік!" ұранымен өткізу белгіленді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай