17 қазан 2016 14:23

ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалған студенттің Facebook-тегі акаунтын тексеріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен студенттің атынан жазылған жазбаны тексеруге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ІІМ АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен студенттің атынан жазылған жазбаны тексеруге алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың сөзінше, ведомство қазір бұл постты Ержан Еліковтің Facebook-те өзі жазғанын немесе өзге адамның орналастырғанын тексеруде. ІІМ АҚШ-та студентті іздестіру бойынша Интерполмен бірлесе жұмыс істеп жатыр.

29 қыркүйекте болашақ бағдарламасы бойынша шетелге оқуға кеткен Ержан Еліковті іздеуге жәрдемдесу туралы өтініші келіп түскен. Студент ата-анасымен байланысты 2011 жылдың наурыз айында үзген. Ол уақыттан бері студенттің жоғалғаны туралы Қазақстан полициясына ешкім арыз бермеген. Қазіргі кезде қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Сәдубаев.

Студенттің атынан жазылған пост Ержан Еліковтің парақшасында 13 қазанға қараған түні жарияланған. Қазіргі кезде жазбаның жойылғанын айт кетейік.

2011 жылы із-түссіз жоғалып кеткен Ержан Еліковтің курстасы оның бағалары нашарлап кеткенін айтады және осы үшін оқудан шығарылған болуы мүмкін деген пікіріді бөлісті.

"Бізде шамаң келмейтін пәннен бас тарту мүмкіндігі болған. Семестр соңында студент одан бас тартады және бұл жалпы бағаларға әсер етпейді. Дегенмен, бұлай істей беруге болмайды. Толықтай тәмамдап шыққанша мұндай мүмкіндік алты-жеті рет беріледі. Ержанның осы мүмкіндіктердің барлығын алғашқы екі жылда пайдаланып тастағаны есімде, ал үшінші курста оның бағалары күрт нашарлай бастады. Оған осы жайт әсер етті деп ойлаймын", - дейді "Болашақ" бағдарламасының түлегі Асқар Қондыбаев.

Асқар Қондыбаев уақыт өте Еліковпен сөйлесекен кезде оның өмір бойына АҚШ-та қалғысы келетіндігін есіне түсірді, бірақ ол кезде бұл сөз қалжың ретінде қабылданған еді. Жерлесі жоғалып кеткеннен кейін Асқар онымен әлеуметтік желілер арқылы сан рет байланысқа шыққысы келгенімен, жауап ала алмаған. 

Еске салайық, Ержан Еліков бес жыл бұрын АҚШ-та із-түссіз жоғалып кеткен. Қазақстандық суденттің жоғалып кеткені биыл қыркүйек айында Ержанның әкесі "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға хабарласқаннан кейін белгілі болды. Орталық президенті Жанболат Мелдешевтің мәліметінше, Ержан Еліков 2011 жылы үлгерімі төмен болғаны үшін оқудан шығарылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети