ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қылмыстық-атқару комитеті орталық аппаратының жеке құрамына жаңа төрағаны таныстырды - осында ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде жұмыс істеген әділет полковнигі Азамат Базылбеков.
Сондай-ақ, ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметіне әділет полковнигі Бекболат Төремұратов келсе, Дархан Қанатбеков төрағаның орынбасары қызметіне келді.
Айта кетейік, 2011 жылдың қыркүйек айынан ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасы болып Бауыржан Бердалин қызмет еткен еді.