Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қытайдан ұшақ сатып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Қытайдан ұшақ сатып алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы үкімет отырысы барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.
ІІМ басщысы "Осы жылдың 11 айындағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындысы" мәселесін талқылай отырып, ведомствоға бөлінген қаржының барлығының толық көлемде игерілгенін айтып өтті.
"Бүгінде бізде бюджет қаражатының 94,3 пайызы игерілді. Ал 16 миллиард 65 миллион теңге игерілмей қалды. 15 желтоқсаннан кейін біз Қытайдан ұшақ әкелеміз. Осы қаражатты толық көлемде игеруіміз керек", - деді ішкі істер министрі.
Сондай-ақ, ҚР Қорғаныс министрлігі ведомство басшысына қаражаттың қалай игерілгені жайлы есеп берді.
"39 миллиард игерілмей қалды. Ол қаражаттардың игерілмей қалуының бірнеше себебі бар. Жыл соңына дейін қалған қаражаттарды игереміз деп ойлаймын. Сонымен қатар, әуе шабуылына қарасы қорғаныс бойынша қаражатты алып жатырмыз, Ресей Федерациясы Сарышаған аумағында нысандарды салып қойды. Барлығын қабылдап жатырмыз. 20 желтоқсанға қарай С300 кешенін қабылдауды жоспарлап отырмыз", - деді қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.
"Баяндамалардың көріп отырғанымыздай, 11 айдағы қорытынды жаман емес. Жоғары көрсеткіштермен келе жатырмыз. Жылды да осындай көрсеткішпен аяқтау керек. (…) Экономикалық өсімді төрт пайызға арттыру үшінбарлық күшімізді салуымыз қажет. Уақыт аз, бірақ баяндамаларға қарағанда мақсаттарымызға жетуге барлық мүмкіндік бар", - деді Сағынтаев әкімдер мен министрлерге.