21 мамыр 2016 | 16:25

ҚР ІІМ өкілдері журналистердің ұсталуын түсінбестік деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

ҚР ІІМ өкілдері ел өңірлерінде журналистердің ұсталуын түсінбестік деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ өкілдері ел өңірлерінде журналистердің ұсталуын түсінбестік деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз митинг өткізбеу үшін жұмыс істедік. Біздің қызметкерлер адамдарды ұстағаннан кейін куәліктері тексеріліп, шеруге шығу мақсаттары анықталып, олар үйлеріне жіберілді. Иә, өкінішке қарай олардың арасында журналистер де болды. Бұл абайсызда болды деп ойлаймын. Түсініспеушілік болды. Ары қарай біз қызметкерлеріміздің әрекетін талқылап, мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін жұмыс істейміз", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха Астанада өткен брифинг кезінде.

"Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда БАҚ өкілдері де ұсталды. Аты-жөндерін анықтағаннан кейін оларды босатып жібердік", - деді ІІМ өкілі.

Кейбір аймақтарда журналистерді оқиғаның-мән жайын анықтау мақсатында ұстағаны белгілі болды. "Әріптестеріміздің ұсталғанын жер реформасы жөніндегі комиссия отырысына келе жатқан кезде біліп, ішкі істер министрімен байланысқа шықтым. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр, олардың не себепті ұсталғаны анықталып жатыр. Сонымен қатар, ол журанлистердің жақын арада босатылуы мүмкін екенін айтты", - деді Абаев бұған дейін тілшілерге берген сұхбатында.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети